Ақтау қалалық білім бөлімінің №23 жалпы білім беру орта мектебінде 12.04.күні 5-11 сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлық індет, оны жою міндет»тақырыбымен сынып сағаттары өткізілді.

Ақтау қалалық білім бөлімінің №23 жалпы білім беру орта мектебінде 12.04.күні 5-11 сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлық індет, оны жою міндет»тақырыбымен сынып сағаттары өткізілді.

Мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, білім беру ордасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, әдеп нормаларын сақтау.

Мектеп оқушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру .

9,10,11 сынып оқушылары, ұстаздар мен ата – аналар қатысқан сынып сағатына , Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл департаментінің қызметкері Мұқатай Нұргүл Тұрлыбайқызы мен осы департамент жанындағы ақпараттандыру ағарту штаты мүшесі Парманкулов Мұрат Жақсылықұлы қатысты. «Адал ұрпақ» ұйымының жетекшісі, мектеп көшбасшысы Қонысов Ғалымжан оқушыларға адал болу, ала жіпті аттамау қағидаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізсе, Боранбай Тілекші, Ибрахим Нұрмұханбет «ҚР Президентінің Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» туралы 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 жарлығымен таныстырып, мағлұмат берді.

Оқушылар Тельман Дәуітқали, Махмуд Өркен және Жұмабай Ерасыл, ұрпаққа мәңгі өшпестей ұран қалдырған Ұлы Абайдың шығармаларынан өлең, қарасөздерін жүрекке жеткізе оқыды. Сынып сағатын оқушылар Біржан Шегемнің «Мен қазақтың ұлымын» әнімен тәмамдады. Оқушылар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің дайындаған бейнеролигін көріп, оқушыларға ой салатын әңгіме қозғалды.

«Адал ұрпақ» ұйымының мүшелері алдағы уақытта ұйым жұмысын жандандырып, адалдықтың ақ туын биік ұстайтындықтарын паш етті 

Жарияланған күні: 13-04-2021  



22-04-2021  

1 сыныпқа қабылдау.


18-04-2021  

Қалалық бастауыш сынып олимпиадасы ның жүлдегері.

icon

13-04-2021  

Ақтау қалалық білім бөлімінің №23 жалпы білім беру орта мектебінде 12.04.күні 5-11 сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлық індет, оны жою міндет»тақырыбымен сынып сағаттары өткізілді.

icon

08-04-2021  

Ақтау қалалық білім бөлімінің 23 жалпы білім беру мектебі ,,Табиғатпен үндес мектеп"экологиялық- биология бағытындағы тірек мектептер қатарында


30-03-2021  

Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі

icon

28-03-2021  

ҚР Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай жəне "Таза табиғат акциясына орай 26.03 мектебімізде , мектеп аумағындағы талдардың түбтері қопсытылып, ағарту, қоқыстардан тазарту жəне ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарына мектеп қызметкерлері ұйымшылдықпен жасады

icon

23-03-2021  

Ақтау қалалық білім бөлімі,№23 жалпы білім беру орта мектебінің Наурыз мерекесіне өткізілген іс-шаралар ақпарламасы

icon

02-03-2021  

"Жастарға сілтеп жолды айқын, халқының қамын ойлайтын"

icon

26-02-2021  

Биология , география және химия пәндер апталығы.

icon

25-02-2021  

Математика, информатика және физика пәндері апталығы.

icon