Ақтау қалалық білім бөлімі,№23 жалпы білім беру орта мектебінің Наурыз мерекесіне өткізілген іс-шаралар ақпарламасы


Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын! №23 жалпы білім беру орта мектебі, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың “ Тәуелсіздік бәрінен қымбат” мақаласындағы Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын негізге ала отырып, 14-23 наурыз аралығына іс-шаралар жоспары жaсақталып,өз дәрежесінде өткізілді.

14- наурыз – Көрісу күні, таңертеңнен көңілді,әсем әуенмен,ұлттық тағамдармен және төрге озған ұстаздар мен оқушыларды төс түйістіріп, көрісу әдебімен қарсы алумен басталды. Бұлай көрісу мақсаты, осы күні араздасқан, өкпе назы бар адамдар татуласып, бір- бірін Жаңа жыл, жыл басымен құттықтап,жақсылықтар тілейтіндігін айтып, оқушыларға түсіндірді.

Даналық пен білім күніне мектеп кітапханасында ақын жазушылардың шығармаларын оқып, жатқа айтудан байқау ұйымдастырылды. 1-11 сынып оқушылары қатынасқан байқауда 8 «Ә» сынып оқушысы Матай Мереке мен 4 «А» сынып оқушысы Сүндетқалиқызы Малика өлеңді көркемдеп айтудан оза шығып,жүлдегер атанды.

Ұлттық тағамдар күніне оқушылар отбасыларымен бауырсақ , қазы қарта,жент, құрт, ірімшік,бұжы дайындап,бейнероликтер жасаса , технология пәні мұғалімі Дюсенова Халбибі наурыз көженің жасалуымен таныстырып, қалалық білім бөлімі ұйымдастырған #NayruzChallenge -ге қатысты.

Жоралғы күніне 9 сыныптар салт- дәстүрлерді сахналап көрсету бойынша сайысты. Бастаңғы,тоқымқағар, қыз ұзату,беташар,шілдехана,тұсаукесер көрсетуде; қыз жігіт әзіл айтысы,абыз ақсақалдың ақ батасы,сыңсу,беташар,жар жар,бесік жыры,тәй - тәй әнін айтулары басты назарда болды. Оқушыларға салт-дәстүрді үйретудегі негізгі мақсат болашақта өз өмірлерінде осы арқылы үйрену,тәлім-тәрбие алу, ұрпақ сабақтастығы. 5-6 сынып оқушыларымен “Шымырлық және шеберлік” күніне орай ұлттық ойындар сабағын дене пәні мұғалімдері А.Саламатқызы мен А.Кенжехан өз дәрежесінде өткізіп , арқан тарту, асық ату,теңге алу,аударыспақ,ләңгі т.б. ойындардың қыр- сырын оқушыларға үйретті.

“Табиғат күніне” байланысты “Таза табиғат”,”Табиғатты аялайық” акциялары бойынша оқушылар мектеп ауласына ата-аналарымен тал көшеттерін отырғызып,талдардың түптерін қопарып,ағартты. Бұл игі істер,қайырымдылық акциялары сәуір айында да жалғасын табады.

“Тарихқа тағзым” акциясы бойынша тарих пәні мұғалімі Б.Жаңабаеваға оқушыларымен “Қараман ата” тарихи қорымда болып, ата басына мінажат жасап, жастар болашаққа тілек тілеп, шежіремен танысып қайтты. Тәрбие орынбасарлары Э.Жамилова мен И.Аманбаева жас мамандармен,волонтёрлік топ теңіз жағалауына қоқыс қалдықтарын жинап, қарттар үйі мен мүмкіндігі шектеулі балалар үйіне мерекелік бағдарламаны санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтай отырып,қамкөңіл жандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 

Жарияланған күні: 23-03-2021  



22-04-2021  

1 сыныпқа қабылдау.


18-04-2021  

Қалалық бастауыш сынып олимпиадасы ның жүлдегері.

icon

13-04-2021  

Ақтау қалалық білім бөлімінің №23 жалпы білім беру орта мектебінде 12.04.күні 5-11 сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлық індет, оны жою міндет»тақырыбымен сынып сағаттары өткізілді.

icon

08-04-2021  

Ақтау қалалық білім бөлімінің 23 жалпы білім беру мектебі ,,Табиғатпен үндес мектеп"экологиялық- биология бағытындағы тірек мектептер қатарында


30-03-2021  

Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі

icon

28-03-2021  

ҚР Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай жəне "Таза табиғат акциясына орай 26.03 мектебімізде , мектеп аумағындағы талдардың түбтері қопсытылып, ағарту, қоқыстардан тазарту жəне ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарына мектеп қызметкерлері ұйымшылдықпен жасады

icon

23-03-2021  

Ақтау қалалық білім бөлімі,№23 жалпы білім беру орта мектебінің Наурыз мерекесіне өткізілген іс-шаралар ақпарламасы

icon

02-03-2021  

"Жастарға сілтеп жолды айқын, халқының қамын ойлайтын"

icon

26-02-2021  

Биология , география және химия пәндер апталығы.

icon

25-02-2021  

Математика, информатика және физика пәндері апталығы.

icon