Дүниежүзілік балалар күні (20 қараша) және Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанының 30 жылдығы мен ратификацияланғанының 25 жылдығын мерекелеуге арналған «Балалар үшін бірге» атты іс-щараның «Бала құқығы – адам құқығы» онкүндігі (7-20 қараша) аясында төмендегідей шаралар өтті

Тарих пәні мұғалімі В.А.Щербак «Мен және менің құқығым» тақырыбы бойынша Ақтау қалалық прокуратурасының прокуроры Сағызбаева Анар Машриковнаның қатысуымен 8 «Б» сыныбымен дебат өткізді.

Мақсаты: Кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетін 1989 жылғы 20 қарашада Біріккен Ұлттар бас Ассамблеясы қабылдаған БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенциясының негізгі ережелері туралы білім деңгейін арттыру.

Сынып жетекшісі және тарих пәні мұғалімі В.А.Щербак оқушыларды келген қонақпен және «Дебат» тақырыбымен таныстырды.

Сөз алған Ақтау қалалық прокуратурасының прокуроры Сағызбаева Анар Машриковна , Балалар мен жасөспірімдердің өздеріне тиесілі ерекше қорғалу және көмек алу құқықтары туралы түсіндіріп, заң баптарымен таныстырды. Шара барысында балалар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын заң қызметкеріне қойып, нақты жауаптарын алды және өздерін өмірде толғандырып жүрген мәселелерін айтты.

Кездесу барысында оқушылар өздерінің дайындаған өнерлерін  көрсетіп, қонаққа сый-құрметтерін көрсетіп, алғыстарын айтты.

Осы  онкүндік іс-шара жоспары бойынша тарих пәні мұғалімі Боранбаева Жеміс 9 «А» сыныбымен «Бала құқығы ,адам құқығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  Дөңгелек үстел барысында оқушылар топпен жұмыс жасап, топтар «Заң», «Конститутция», «Сенат» болып бөлініп өз құқықтары , конститутция баптары және үкімет құрылымы жөнінде білімдерін ортаға салды.

Дөңгелек үстел қызықты және тартысты өтті.Ұшқыр ой білдірген «Конститутция» командасы жүлделі орынға ие болды.

  Барлық 1-11 сынып оқушылары «Жылы жүрек- мейірімді алақан» қайырымдылық акциясына жұмылдырылып, ата-аналар комитетінің көмегімен «Бөбектер үйіне» балаларға қажетті тұрмыстық заттар, киім-кешектер, ойыншықтар, бала тағамдары әлеуметтік мұғалімге тапсырылып «Бөбектер үйіне» жеткізілді.

Алғашқы болып 5 «Ғ» сыныбы жетекшісі Чулакова Ш.М. ата-аналарымен «Бөбектер үйіне» барып қайтты.

  Тарих пәні мұғалімі Тлем Б.К. жетекшілігімен 10 «Б» сынып оқушылары «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» және «Бала құқығы мен міндеттері» тақырыбында 10 «В» сынып оқушылары Нұржауов Ренат пен Тимуров Таир сыныптарды аралап, үгіт-бригада өткізді.

 Мақсаттары: Зорлық-зомбылықтың алдын алу, сақтандыру және болдырмау.

Дүниежүзінде және қоғамда балаларға қарсы болып жатқан зорлық-зомбылық, әлімжеттіктің, мүлдем төзбеушілік  жөнінде мол мағлұмат берді.

 

 

Жарияланған күні: 18-11-2019  



14-09-2020  

Қашықтықтан оқыту

icon

21-08-2020  

Бірыңғай сынып сағаты ақпарламасы.

icon

20-08-2020  

№ 23 орта мектебінің Республикалық жалпы ата-аналар жиналысының ақпарламасы.

icon

19-08-2020  

№23 орта мектебінің жалпы республикалық педагогикалық кеңес ақпарламасы.

icon

03-07-2020  

Медициналық анықтамаларды оқу жылы басталғанға дейін мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады.

icon

02-07-2020  

Жемқорлық тек еліңізді ғана емес, жақындарыңыздың өмірін де күйретеді!


26-05-2020  

Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

icon Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебного года! 

16-02-2020  

15 ақпан 2020 жыл мектепішілік Кеңес әскерлерінің ауғанстан жерінен шығарылған күні арналған іс-шара өткізілді.

icon

12-02-2020  

Футбол жарысы

icon

07-02-2020  

7.02.2020 ж күні Ақтау қаласы №23 орта мектебі 4”ә”сыныпта өзін өзі тану пәнінен оқытушы Молдашова Урия “Ар-ұждан ғылымы”бөлімі “Балаға жүрек жылуы”тақырынбында ашық сабақ өтті.

icon

Соңғы жаңалықтар

Қашықтықтан оқыту

...

14 қыркүйек 2020