Абай сөзі – қазақтың бойтұмары.

Абай сөзі – қазақтың бойтұмары. 

       Ақтау қаласындағы №23 жалпы білім беретін орта мектебінде 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап ақын, сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Маңғыстау облысының Құрметті азаматы, Қазақстан Сәулетшілер Одағының және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сайын Назарбекұлының бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық деңгейде құрылған «Абай әлеміне саяxат» танымдық клубының рухани орталығы өз жұмысын бастады.

       Оқушылардың санасына қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын тереңірек сіңіре отырып, ана тіліміздің тұнығын лайламауға, Ұлы ақын салған сара жолдың сүрлеуінен жаңылмай, туған тіліміз бен әдебиетіміздің қайнарын қанып ішуге тәрбиелеуді көздейтін рухани орталықтың ұйымдастыруымен «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы өткізіліп, апталық толығымен Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналды. Апталықтың ресми ашылуына «Абай әлеміне саяхат» клубының президенті Сайын Назарбекұлы қатысып, сәттілік тіледі.

       Апталықтың жұмыс жоспарына сәйкес, 2,3,4,5,6-сынып оқушылары арасында «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы және 7,8,9-сынып оқушылары арасында «Абай сөзі – адамгершілік бесігі» атты Абай қарасөздерін мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Мәнерлеп оқу сайыстарына 112 оқушы қатысып, Байрамбай Кәусар, Жетенова Іңкәр, Қабылова Меруерт, Оспанова Айым, Альмир Ержан, Гулиев Эльшан, Бердірахман Арайлым, Базаржан Жанель, Болат Тоғжан, Рақыш Айяна сынды оқушылар жеңімпаз атанды.

     Сонымен қатар, «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» деген атпен өткізілген Абай әндерін орындаушылар сайысына да мектептің өнерлі оқушылары белсене қатысты. Атап айтқанда, Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ» әндерін музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен және жанды дауыста орындаған оқушылар Абылова Аружан, Шегемов Біржан, Кураисова Эльзара, Борис Кәусар, Сансызбаева Малика, Алмасова Ғалия, Ырзабекқызы Әсемай, Кайлюбаева Жұлдыз және 2 Ғ сынып оқушыларынан құралған хор тобы болашағынан зор үміт күттіретін дарын иелері екенін көрсете білді.

       Ұстаздар мен оқушылардың үлкен дайындығының бір көрінісі ретінде «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...» атты жоғары сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған драмалық қойылымдар сайысын атауға болады. Сайыс барысында 9 А және В сынып оқушылары «Оқудан оралу», 10 В сынып оқушылары «Абайдың он жетінші қарасөзі», 11 А сынып оқушылары «Абай мен Тоғжан», 10 Е сынып оқушылары «Ескендір», 11 В сынып оқушылары «Абай жолы», 10 А сынып оқушылары «Абайдың соңғы күндері» қойылымдарын сахналады. Қойылымға қатысушы оқушылардың өз рөлдерін алып шығуға деген ынта-ықыластары, сахнаға деген, Абай өмірі мен шығармашылығына деген құрметтері, сахналық образдары көрермен көңілінен шығып, қазылар алқасының әділ бағасына ие болды.

       Оқушыларға тың серпін берген «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары» атты апталықтың жабылу салтанатында жүлделі орындарға ие болған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталып, жүлдегер оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен бірге, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қонарбаева Айнұр мен 6-сынып оқушылары «Абайға арнау» өлеңдерін оқыды. «Абай әлеміне саяхат» танымдық клубының рухани орталығы өз жұмысын одан әрі жалғастыра бермек.  

«№23 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Таңбаева Орынгүл Нұрқожақызы

 

Жарияланған күні: 21-11-2018  



26-05-2020  

Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

icon Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебного года! 

16-02-2020  

15 ақпан 2020 жыл мектепішілік Кеңес әскерлерінің ауғанстан жерінен шығарылған күні арналған іс-шара өткізілді.

icon

12-02-2020  

Футбол жарысы

icon

07-02-2020  

7.02.2020 ж күні Ақтау қаласы №23 орта мектебі 4”ә”сыныпта өзін өзі тану пәнінен оқытушы Молдашова Урия “Ар-ұждан ғылымы”бөлімі “Балаға жүрек жылуы”тақырынбында ашық сабақ өтті.

icon

31-01-2020  

«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» облыстық әдеби-сазды семинар

icon

29-01-2020  

Маңғыстау облысындағы Абай жылының ашылуы

icon

25-01-2020  

№23 орта мектепте 9 және 11 сынып оқушыларының жалпы ата-аналар жиналысы.

icon

20-01-2020  

Абай жолы» романынан сахналық қойылымдар байқауы

icon

20-01-2020  

№23 орта мектепте 17 қаңтар Республикалық акция «Адалдық сағаттары» 1-11 сыныптар арасында

icon

29-11-2019  

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні


: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=444247423166681&id=100027442808002

Соңғы жаңалықтар

Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебн ...

26 мамыр 2020
Футбол жарысы

...

12 ақпан 2020