№23 орта мектепте 17 қаңтар Республикалық акция «Адалдық сағаттары» 1-11 сыныптар арасында

 Қыркүйек  айынан  бастап  № 23 орта мектептің «Адал ұрпақ» еріктілер  және «Парасатты азамат» бұрышы  ұйымдастырылып, жылдық жоспары жасақталып, жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.

 Сынып сағаттарының тақырыптық жоспарларына адамгершілік және құқықтық тәрбие бағытындағы тақырыптар енгізілді.

 Қазанның  3-10 аралығында  « Санаңды сақта жас ұрпақ» акциясы ұйымдастырылды. Ақцияға 1-11 сынып аралығындағы оқушылар қатысты.

1-4 сыныптар арасында «Адал болу- азаматтық парыз» атты флешмоб ұйымдастырылды.

5-6 сыныптар арасында осы тақырып аясында тәрбие сағаттары өткізілді.  7-8 сынып оқушыларына «Ақиқат сөзде алалық жоқ» тақырыбында сап түзеу өтті.

Сонымен қатар 9-11 сынып оқушыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, шыншылдық пен сатылмаушылық қағидатын ұстануға тәрбиелеу мақсатымен кездесу сабақтар өтті.

 Сондай - ақ айдың 17-22 аралығында 9 сыныптар арасында «Біздің таңдауымыз – заңды мемлекет» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарын, сондай-ақ  біздің елімізде құқықтық мемлекеттің қалыптасу ерекшеліктерін талқыланды.

 Қараша айының басында « Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» сурет байқауы өтті. Байқауға 1-4 сынып аралығындағы оқушылар қатысты.

Желтоқсанда 5-8 сыныптардың қатысуымен « Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны ұйымдастырылды.

Қаңтар  айында №23 жалпы білім бер  орта  мектебі КММ –де  мектеп  инспекторы  Тоқсанбаева Қ. және  мектеп  директорының тәрбие  ісі жөніндегі  орынбасары Жамилова Э.Н.  ұйымдастыруымен 7-8 сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлықпен  күрес ортақ  парызымыз»  атты дөңгелек  үстел өткізілді.

«Дөңгелек үстел» барысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын-алу, жолын кесу және шектеуге бағытталған іс–шараларды тиісті деңгейде атқару туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Осы іс-шараға қатысушылар пайдалы ақпараттар алып, бір-бірімен қызықты пікір алмасты. 

№23 орта мектепте 17 қаңтар Республикалық акция «Адалдық сағаттары» 1-11 сыныптар арасында 1-ші  сабақта жалпылама өткізілді.

Шараның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

Мектеп қабырға радиосынан Қазақстан Республикасының Әнұраны ойнатылып, оқушылар сыныптарында орындарынан тұрып, кеуделеріне қолдарын қойып,қосыла шырқады.

Барлық сыныптарда парасаттылық, әділдік, шынайылық, мейірімділік туралы презентация , бейнеролик көрсетіліп, бейнеролик бойынша оқушылар өз пікірлерін білдірді.

8 а сыныбы, сынып жетекшісі  Мұқанова С. , сынып сағатында оқушылар Өтебаев Данабек және Боранбаева Тілекші  «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында өз пайымдауларын баяндап, оқушылармен талқылады және көрнекі құралдармен таныстырды.

9-10 сынып оқушыларымен акт залда мониторингтік топ мүшесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттік қызметкері Алдоңғарова Рухия Жакиевнамен кездесу өткізіліп, лекция оқыды. Оқушылар сұрақтарына жауап алды.

 

р/н

Аймақтың атауы

Қамтылған мектептер мен оқушылар саны

БАҚ жариялану бойынша ақпарат

Қамтылған қоғамдық өкілдері

Өткізілу форматы бойынша ұсыныстар

1

№23 жалпы білім беру  орта мектеп КММ

1-11 сыныптар

2400 бала

Мектеп сайты, facebook

Алдоңғарова Рухия Жакиевна

 

Жарияланған күні: 20-01-2020  



26-05-2020  

Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

icon Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебного года! 

16-02-2020  

15 ақпан 2020 жыл мектепішілік Кеңес әскерлерінің ауғанстан жерінен шығарылған күні арналған іс-шара өткізілді.

icon

12-02-2020  

Футбол жарысы

icon

07-02-2020  

7.02.2020 ж күні Ақтау қаласы №23 орта мектебі 4”ә”сыныпта өзін өзі тану пәнінен оқытушы Молдашова Урия “Ар-ұждан ғылымы”бөлімі “Балаға жүрек жылуы”тақырынбында ашық сабақ өтті.

icon

31-01-2020  

«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» облыстық әдеби-сазды семинар

icon

29-01-2020  

Маңғыстау облысындағы Абай жылының ашылуы

icon

25-01-2020  

№23 орта мектепте 9 және 11 сынып оқушыларының жалпы ата-аналар жиналысы.

icon

20-01-2020  

Абай жолы» романынан сахналық қойылымдар байқауы

icon

20-01-2020  

№23 орта мектепте 17 қаңтар Республикалық акция «Адалдық сағаттары» 1-11 сыныптар арасында

icon

29-11-2019  

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні


: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=444247423166681&id=100027442808002

Соңғы жаңалықтар

Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебн ...

26 мамыр 2020
Футбол жарысы

...

12 ақпан 2020