«ҚР халқының Тілдері күні» мерекесі өткізілді

Мектебімізде 19-25 қыркүйек аралығында «ҚР халқының тілдері күні» мерекесіне орай «Халықтың ұлы байлығы – оның тілінде» атты тілдер мерекесі өткізілді. Бірнеше күнге жоспарланған іс-шаралар барысында 2-4-сынып оқушылары арасында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқу сайысы, 3-6-сынып аралығында «Сауатты жаза білу – өркениет өнегесі» атты диктанттар байқауы, 9-сыныптар арасында «Ең үздік полиглот оқушы» зияткерлік сайысы өткізілді. Сонымен қатар, «Тіл тұмар – бір шынар» кітап көрмесі, 5-7-сыныптар арасында «Тіл: кеше, бүгін, ертең» суреттер байқауы ұйымдастырылып, жоғарғы сынып оқушылары арасында «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» деген атпен челендж және «Әрқашан күн сөнбесін» караоке байқаулары өтті.

«Тіл – достық пен келісімге апарар жол» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлеңдер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздерді жатқа айтты және қызықты ребустар мен жұмбақтарды шешіп, сабаққа белсенді қатысты. Сонымен бірге, «Өз ана тілін, әдебиетін бағаламайтынды білімді, мәдениетті адамға санауға болмайды» тақырыбын негізге ала отырып, «Айтуға оңай» шарасы өткізілді.

Қызықты әрі тартысты өткен «Ең үздік полиглот оқушы» сайысында 9 «Б» сынып оқушылары Породнова Вероника және Ренни Эмили, 9 «Ж» сынып оқушысы Ергазыева Дана жеңімпаз атанды. Диктанттар байқауында 6 «Е» сынып (пән мұғалімі Г.К.Мұсабаева), 4 «Ж», 4 «В», 4 «И», 4 «Е» сыныптары (пән мұғалімі А.Ж.Сейлханова), 3 «Б», 3 «Е», 3 «Ж» сыныптары (пән мұғалімі Д.Ш.Калиева) белсенділік танытты. Суреттер байқауында Қызылбаева Дариға, Жармухамедова Марзия, Кураисова Эльзара, Кушбаева Гульдана, Кенджикараева Молдир, Бейсенов Адильхан жүлдегер болды. Караоке байқауында 4-сынып оқушылары Бабаханов Ерлан, Сұлтансиық Мадияр, Сабитова Айя, Мирас Сайлау, Бақтыбай Марьям, Делмухамедов Айбек, Арыстанбек Ражим, Найманова Аниса, Бақыт Айзада, Сапарбаева Альбина, Оңайхан Інжу, Нұрымбетов Мәлік, Нұрмұхамед Мұхтар, Ешмұратова Сеймура, Шерімбетова Нұрсұлу белсенді болды.

Тілдер мерекесіне орай өткізілген барлық шаралардың қорытындысы салтантты түрде шығарылып, жеңімпаздар марапатталды.

 Tanbayeva Oryngul  

Жарияланған күні: 30-09-2019  



31-01-2020  

«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» облыстық әдеби-сазды семинар

icon

29-01-2020  

Маңғыстау облысындағы Абай жылының ашылуы

icon

25-01-2020  

№23 орта мектепте 9 және 11 сынып оқушыларының жалпы ата-аналар жиналысы.

icon

20-01-2020  

Абай жолы» романынан сахналық қойылымдар байқауы

icon

20-01-2020  

№23 орта мектепте 17 қаңтар Республикалық акция «Адалдық сағаттары» 1-11 сыныптар арасында

icon

29-11-2019  

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні


: https://m/facebook.com/story.php?story_fbid=444247423166681&id=100027442808002&sfns=mo
29-11-2019  

28 қараша айында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Абайды оқы, таңырқа" атты көркем сөз байқауы өтті

icon

18-11-2019  

"Ұлы дала ұрпағы" атты ІІІ республикалық байқауы өтті

icon

18-11-2019  

Дүниежүзілік балалар күні (20 қараша) және Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанының 30 жылдығы мен ратификацияланғанының 25 жылдығын мерекелеуге арналған «Балалар үшін бірге» атты іс-щараның «Бала құқығы – адам құқығы» онкүндігі (7-20 қараша) аясында төмендегідей шаралар өтті


14-11-2019  

"Тәуелсіз елдің ұланымын"

icon