«Жаңартылған білім мазмұны – білім сапасының негізі» тақырыбында педагогикалық кеңес – тренинг өтті.

24 қараша күні «№23 жалпы білім беру орта мектебі» КММ – де «Жаңартылған білім мазмұны – білім сапасының негізі» тақырыбында педагогикалық кеңес – тренинг  өтті. Тренингті мектеп тренелері: әдіскер бірінші деңгей мұғалімі Бегеева Р.Ж. мен екінші деңгей мұғалімі Қанатбаева А.А. өткізді. Тренингтің басында мектеп психологы Османова В.А. мұғалімдермен ынтымақтастық ахуал қалыптастыру  үшін психологиялық тренингтер ұйымдастырды.

Жаңартылған білім мазмұны бойынша жұмыс жасап отырған мұғалімдердің түсініктерін кеңейту, білім беру қызметіндегі кедергілерді жою жолдарын анықтау және кәсіби ақпаратпен алмасуларды жүзеге асыру мақсатында тренинг жұмысы жүргізілді. Мұғалімдер бес топқа бөлінді. Бастауыш сыныптар, жас мамандар, жаратылыстану – математика пәні мұғалімдері, гуманитарлық пән және үш тілділік курстарынан өткен мұғалімдерді топтарға бөлінді.

1 – топ
ЖБМ сабақтың мақсаты, сабақ жоспары
2 – топ
ЖБМ  бағалау
3 – топ
ЖБМ деңгейлеп – саралап оқыту
4 – топ
ЖБМ сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер
5 – топ
ЖБМ сабақта үш тілділікті қолдану.

  Топтар жұмыс жасап жатқанда, басқа мұғалімдерге мысалдар таратылып, талданып «мұғалімнің ең бірінші міндеті – білім беру, болашақтың алдындағы жауаптылық» деп қорытындыға келді. Бастауыш мектеп мұғалімдері сабаққа қойылатын мақсаттың нақты, өлшемді болуы керек екенін айтса, гуманитарлық пән мұғалімдері бағалаудың ерекшеліктеріне тоқталды. Үш тілділікті оқып келген әріптестер, жаңарған білім мазмұны жағдайында ағылшын тіліне деген қажеттіліктің туу себебіне тоқталды.  Математика пәні мұғалімдері саралап оқытудың артықшылықтарын атап өтті.

  Топтардың қорғаған постерлерін, тренерлер сол бойы талдап, екі тілде қосымша мәліметтер беріп отырды. Бекіту мақсатында берілген сұрақтарды мұғалімдер талдап, сабақтарындағы қиындықтармен бөлісті. Әріптестер педагогикалық кеңесті жоғары деңгейде өтті деп бағалады.

 

Жарияланған күні: 26-11-2018  



25-04-2019  

«Бастауышым - бал бұлағым»

icon

15-04-2019  

Мамыр айына іс-жоспарлары

icon

15-02-2019  

«Абай әлеміне саяxат» клубының салтанатты ашылуына дайындық.

icon   №23 жалпы білім беру орта мектебінде 2018 жылдың қазан айынан бастап «Абай әлеміне саяxат» клубы өз жұмысын жүргізуде. Клубтың негізін қалаушы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, ақын, сәулетші, этнограф Сайын Назарбекұлы. 

26-11-2018  

«Жаңартылған білім мазмұны – білім сапасының негізі» тақырыбында педагогикалық кеңес – тренинг өтті.

icon24 қараша күні «№23 жалпы білім беру орта мектебі» КММ – де «Жаңартылған білім мазмұны – білім сапасының негізі» тақырыбында педагогикалық кеңес – тренинг  өтті. 

21-11-2018  

Абай сөзі – қазақтың бойтұмары.

iconАқтау қаласындағы №23 жалпы білім беретін орта мектебінде 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап ақын, сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Маңғыстау облысының Құрметті азаматы, Қазақстан Сәулетшілер Одағының және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сайын Назарбекұлының бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық деңгейде құрылған «Абай әлеміне саяxат» танымдық клубының рухани орталығы өз жұмысын бастады.  

04-10-2018  

2018 жылға арналған қаржыландыру және оны дамыту.

icon2018 жылға арналған қаржы және оны дамыту №23 орта мектепте.   

27-09-2018  

Республиканская родительская конференция

icon7 сентября 2018 г. в нашей школе № 23 прошла Республиканская родительская конференция "Казахстанские родители XXI века: стань примером своему ребенку".  

15-02-2018  

Мектептегі тәрбие жұмысының құрылымы

icon

15-02-2018  

«Отан қорғаушы-2017» сайысы

iconБиылғы оқу жылында алғашқы әскери дайындық пәні бойынша да оқушылар көптеген сайыстар жеңімпазы болды. «Мерген ару» , «Мерген» байқаулары бойынша оқушылар қала көлемінде бірінші орын иеленсе, «Мерген ару» байқауында облыста да жүлделі І орынды алды. 

15-02-2018  

Пәндер бойынша республикалық олимпиадасының ІІ кезеңі


Соңғы жаңалықтар

«Абай әлеміне саяxат» клубының салтанатты ашылуына дайындық.

  №23 жалпы білім беру орта мектебінде 2018 жылдың қазан айынан бастап «Абай әлеміне саяxат» клубы ө ...

15 ақпан 2019
«Жаңартылған білім мазмұны – білім сапасының негізі» тақырыбында педагогикалық кеңес – тренинг өтті.

24 қараша күні «№23 жалпы білім беру орта мектебі» КММ – де «Жаңартылған білім мазмұны – білім сапа ...

26 қараша 2018
Абай сөзі – қазақтың бойтұмары.

Ақтау қаласындағы №23 жалпы білім беретін орта мектебінде 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап ақын, с ...

21 қараша 2018