«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» облыстық әдеби-сазды семинар

2020 жылдың 31 қаңтарында №23 жалпы білім беру орта мектебінде қала мектептеріндегі «Абай әлеміне саяхат» клубтарының ұйымдастыруымен «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» атты облыстық әдеби-сазды семинар өткізілді. Семинарға Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының басшылығы, аудандар мен қалалардағы білімді дамыту орталықтарының әдіскерлері мен облыс мектептеріндегі «Абай әлеміне саяхат» клубының жетекшілері қатысты. 

Семинар өз жұмысын Абайдың қазақ музыкасына қосқан зор үлесін көрсету және Абай әндерін дәріптеу мақсатында, біздің мектептің оқушыларынан құрылған «Ән-жүрек мың бала» хорының орындауындағы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнімен бастады. Бір сәтте 1000 оқушысының Абай Құнанбайұлының әнін орындауы тарихта бұрын-соңды болмаған. Хордың орындауында «Абай әлеміне саяхат» клубының әнұраны шырқалып, семинардың шымылдығын ашып берді.

Семинарға келген қонақтар арнайы жасақталған «Халықтар достығы», «Рухани жаңғыру», «Ана тілі», «Отаным – Қазақстаным», «Абай» ауылдарында «Абай әлеміне саяхат» жасады. «Абай әлеміне саяхат» клубының жетекшісі Орынгүл Таңбаева клуб жұмысымен таныстырып, жоғарғы сынып оқушылары мен жас мамандардан құралған бір топ сал-серілер, қазақ қыздары және күйші балалар өз өнерлерімен жол көрсете отырып,  қонақтар ауыл-ауылды аралап отырды. Өнерлі жастар халық әндерін құйқылжыта шырқап, халық күйлерін тамылжыта орындады.

Әдеби-сазды семинар қала мектептердегі клуб жетекшілерінің сабақтарымен жалғасты. Семинар соңында мектебіміздің ұстаздары көрермендер назарына «Абай жолы» роман-эпопеясының желісімен сахналанған «Әнді сүйсең, менше сүй» драмалық қойылымын ұсынды.

Семинарға қатысқан облыс мұғалімдері әдеби-танымдық семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, өз ризашылықтарын білдірді және алдағы уақытта Абай өмірі мен шығармашылығын меңгертуге қажетті мол тәжірибе алғандарын жеткізді.

Аса жауапты шараны өткізуге атсалысқан мектебіміздің басшылығына, ұстаздарына, оқушыларға зор алғысымызды білдіреміз!

 

Жарияланған күні: 31-01-2020  



26-05-2020  

Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

icon Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебного года! 

16-02-2020  

15 ақпан 2020 жыл мектепішілік Кеңес әскерлерінің ауғанстан жерінен шығарылған күні арналған іс-шара өткізілді.

icon

12-02-2020  

Футбол жарысы

icon

07-02-2020  

7.02.2020 ж күні Ақтау қаласы №23 орта мектебі 4”ә”сыныпта өзін өзі тану пәнінен оқытушы Молдашова Урия “Ар-ұждан ғылымы”бөлімі “Балаға жүрек жылуы”тақырынбында ашық сабақ өтті.

icon

31-01-2020  

«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» облыстық әдеби-сазды семинар

icon

29-01-2020  

Маңғыстау облысындағы Абай жылының ашылуы

icon

25-01-2020  

№23 орта мектепте 9 және 11 сынып оқушыларының жалпы ата-аналар жиналысы.

icon

20-01-2020  

Абай жолы» романынан сахналық қойылымдар байқауы

icon

20-01-2020  

№23 орта мектепте 17 қаңтар Республикалық акция «Адалдық сағаттары» 1-11 сыныптар арасында

icon

29-11-2019  

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні


: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=444247423166681&id=100027442808002

Соңғы жаңалықтар

Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебн ...

26 мамыр 2020
Футбол жарысы

...

12 ақпан 2020