«Абай әлеміне саяxат» клубының салтанатты ашылуына дайындық.

       №23 жалпы білім беру орта мектебінде 2018 жылдың қазан айынан бастап «Абай әлеміне саяxат» клубы өз жұмысын жүргізуде. Клубтың негізін қалаушы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, ақын, сәулетші, этнограф Сайын Назарбекұлы.

      Клубтың мақсаты – ұрпағымыздың руxани болмысын, отансүйгіштік санасын жат пиғылдар үгітінен аман сақтау үшін оларды ұлы Абай сөздері, Елбасы ойлары арқылы үнемі нәрлендіріп отыру.

       Осыған байланысты, біздің мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары клуб жұмысын жандандыру жұмыстарын бастап кетті.

     Клубтың мүшесі болып табылатын оқушыларға Абай өлеңдерінен алынған 70 үзіндіні қазақ тілінде, Абайдың 45 «Қарасөзі» мен Елбасы ойларынан алынған 12 үзінді сөзді үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жатқа айту міндеті қойылды.

       Қазіргі таңда «Абай әлеміне саяxат» клубының салтанатты ашылу рәсіміне дайындық жүргізілуде.

     Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің жетекшілігімен 1-8 сынып оқушылары дана Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін жатқа айтуға дайындалуда. Ал музыка пәнінің мұғалімі Л.К. Бисенованың жетекшілігімен 2-6 сынып оқушыларынан құралған xор Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындауға дайындық жүргізуде. 11 «Ә» сынып оқушылары қазақ xалқының салт-дәстүрлерін насиxаттау мақсатында көрініс дайындауда. Бастауыш сыныптар блогында клубтың негізгі бағыттары бойынша арнайы кабинеттер жасақталды. «Халықтар достығы» (1 «В» және 2 «К» сыныптары, сынып жетекшісі А.В.Абдуллаева), «Руxани жаңғыру» (1 «К» және  2 «Г» сыныптары, сынып жетекшісі К.С.Чернышева)  , «Отаным – Қазақстаным»  (1 «И» және 3 «И» сыныптары, сынып жетекшісі А.К.Санакаева) «Ана тілі» (3 «А» сынып, сынып жетекшісі А.Нургожина) сыныптары тақырыпқа сай безендірілді. Аталған блоктың дәлізі де Абай өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін және клуб жұмысы туралы ақпараттармен толықтырылды.

     «Абай әлеміне саяxат» клубының мерекелік ашылуы 2019 жылдың 19 ақпанына жоспарланып отыр.

 

Жарияланған күні: 15-02-2019  



26-05-2020  

Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

icon Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебного года! 

16-02-2020  

15 ақпан 2020 жыл мектепішілік Кеңес әскерлерінің ауғанстан жерінен шығарылған күні арналған іс-шара өткізілді.

icon

12-02-2020  

Футбол жарысы

icon

07-02-2020  

7.02.2020 ж күні Ақтау қаласы №23 орта мектебі 4”ә”сыныпта өзін өзі тану пәнінен оқытушы Молдашова Урия “Ар-ұждан ғылымы”бөлімі “Балаға жүрек жылуы”тақырынбында ашық сабақ өтті.

icon

31-01-2020  

«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» облыстық әдеби-сазды семинар

icon

29-01-2020  

Маңғыстау облысындағы Абай жылының ашылуы

icon

25-01-2020  

№23 орта мектепте 9 және 11 сынып оқушыларының жалпы ата-аналар жиналысы.

icon

20-01-2020  

Абай жолы» романынан сахналық қойылымдар байқауы

icon

20-01-2020  

№23 орта мектепте 17 қаңтар Республикалық акция «Адалдық сағаттары» 1-11 сыныптар арасында

icon

29-11-2019  

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні


: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=444247423166681&id=100027442808002

Соңғы жаңалықтар

Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебн ...

26 мамыр 2020
Футбол жарысы

...

12 ақпан 2020